EN «Эрудит» интелектуалды ойынында «Білімді студенттер» командасы II орын кубогын иеленді!
11.12.2024 ж. "Shymkent jogary pedagogikalyq kolledji" ЖШС ұйымдастыруымен Шымкент қалалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында 16 желтоқсан "Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай "Ұшқыр ой мен өткір тіл" тақырыбында өткен "Эрудит" интелектуалды ойыны болып өтті. Сайысқа қаламыздың 16 оқу орны қатысып, өз бақтарын сынады. Нәтижесінде М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің "Білімді студенттер" командасы ІІ-орын кубогын иеленді!