Здание колледжа (главный корпус ОБРАЗОВАНИЯ).

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжі университет ректорының 2016 жылдың 1сәуіріндегі №96-н бұйрығымен университеттің құрамдас бөлімі ретінде ашылды және оған ҚР Білім және ғылым министрлігінің №0000042 лицензиясы берілген. Колледжде "Техникалық мамандықтар бөлімі" және "Ақпараттық технологиялар бөлімі" жұмыс істейді және қазіргі заманға аса қажетті болашағы бар 19 мамандықтар бойынша кадрлар дайындалады. Студенттердің сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Кітапханалар, оқу залдары, электрондық оқу залдары оларға тегін қызмет көрсетеді. Ғылыми ізденіс үйірмелері, шығармашылық студиялар, спорттық үйірмелер жастардың сабақтан бос уақытын мазмұнды әрі қызықты өткізуіне септігін тигізеді. Стадион, спорт залы мен жатақхана оқу ғимаратына жақын орналасқан. Оқу процесінде қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар қолданылады, жоғары білікті тәжірибелі ұстаздар дәріс береді. Міне, осылардың барлығы жастардың алаңсыз білім алуына ықпал етеді. Колледж түлектері өз мамандықтарына сәйкес университеттің 2-ші курсынан оқуын онан әрі жалғастырып, жоғары білім ала алады.

Мекен-жайы: Шымкент қ., М.Әуезов ат. ОҚУ колледжі, «13» ғимараты

Телефоны:  8(7252)21-44-62

 


CONTACTS

160012, Shyment City, Tauke khan avenue, 5

Call-center

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Chancellery(8-725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.