Жаңалықтар
СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ!

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінде 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мерекелік шараны колледж директоры Дархан Шардарбеков ашып, білім алушы жастарды Студенттер күнімен шын жүректен құттықтады. Өз сөзінде студенттерге сапалы білім, жарқын болашақ, толағай табыс пен биік белестерді бағындыруды тілеп, бірқатар белсенді әрі үздік студенттерге ізгі тілектерін білдіріп, құттықтауларын жеткізді.
Кештің жалғасы студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты. Әсем ән мен мың бұралған би, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше мерекелік атмосфера кештің сәнін келтірді.
Студенттік шақ – арманға қанат бітіріп, білім мен ізденіске жол ашатын ең қызықты кезең. Әрбір студенттің болашағы жарқын, алар асуы биік болсын!
Барша студенттерді мерекемен құттықтаймыз! ?✨

Қазақша
Русский
English 