Колледж туралы.








КОЛЛЕДЖДІҢ МИССИЯСЫ:
Студенттердің білім сапасын арттыру. Еңбек нарығында Республика бойынша, оның ішінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы экономикасының дамуына өз үлесін қосатын адамгершілігі мол, инновациялық жаңа ойлайтын, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
КОЛЛЕДЖДІҢ СТРАГЕТИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ
1. Тәрбие мақсаты:
Академиялық адалдық ортасын құру және студенттермен бірлесе отырып жұмысты жандандыру.
2. Оқу мақсаты:
Колледждің білім беру қызметіне модульдік және дуалды оқыту жүйесін енгізу арқылы сапасын арттыру.
Қашықтықтан оқыту форматында жұмыс жасау платформасында оқу тәрбие процесін ұйымдастыру SN.
3. Ғылыми мақсаты:
Колледж оқытушылары мен студенттерінің ғылыми деңгейін, тиімділігін арттыру мақсатында халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру.
3.1 Колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту, жөндеу және құрылыс жұмыстары.
3.2 Білім беру және ақпараттық қорлар.
Ақпараттық және кітапханалық қорларды және SN платформасының «Кітапханасын» ҰАҚ «Кәсіпқор» Холдинг» және колледж оқытушылары әзірлеген электронды оқулықтармен толығыуын қамтамасыздандыру.
3. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және білім беру қызметтерінің шеңберін кеңейту.
3.1. Жаңартылған типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын оқу үдерісіне енгізу.
3.2. Сұранысқа ие мамандықтарды жаңарту және кеңейту (лицензия алу).
3.3. Мамандарды даярлаудың ең тиімді түрі ретінде дуалды оқыту жүйесін кеңірек енгізу.
3.4 Қашықтықтан оқыту жүйесін кеңейту;
3.5. Кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру.
4. Оқу-әдістемелік жұмыстың инновациялық дамуы.
4.1. Оқу-әдістемелік және оқу үдерісін нормативтік – құқықтық қамтамасыз ету.
5. Оқытушылар мен студенттер арасындағы ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту.
5.1. Оқытушылардың техникалық және кәсіптік білім беру мамандары сияқты деңгейін көтерудің айқын жүйесін құру және ұйымдастыру.
5.2. Ғылыми-практикалық және ғылыми-теориялық конференцияларды, семинарлар-тренингтерді ұйымдастыру және өткізу.
6. World-Skils чемпионатына студенттерді стандартка сәйкес дайындау мақсатында заманауи материал және құралдармен қамтамасыз eтy.
7. ERASMUS+ (Эразмус Плюс) - жобасына қатысу. Бұл жобаның мақсаты - ТЖКББ-ға көмек қолын салу, білім сапасын көтеру, білім алушылардың ұтқырлығын және мәдениетін қалыптастыру және олардың әлеуметтік капиталын өз елінде де шет елдерде де дамыту.
"М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының колледжі университет ректорының 2016 жылдың 1 сәуіріндегі №96-н бұйрығымен университеттің құрамдас бөлімі ретінде ашылды және оған «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі № KZ62LAM00001411 лицензиясы 04.04.2025ж қайта рәсімделіп берілген. Колледж 15 мамандық бойынша кадрлар дайындайды. Студенттердің сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған: кітапханалар, оқу залдары, электрондық оқу залдары. Ғылыми ізденіс үйірмелері, шығармашылық студиялар, спорттық үйірмелер жастардың сабақтан бос уақытын мазмұнды әрі қызықты өткізуіне септігін тигізеді. Стадион, спорт зал мен жатақхана оқу ғимаратына жақын орналасқан. Оқу процесінде қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар қолданылады, жоғары білікті тәжірибелі ұстаздар дәріс береді. Міне, осылардың барлығы жастардың алаңсыз білім алуына ықпал етеді. Колледж түлектері өз мамандықтарына сәйкес университеттің 2-ші курсынан оқуын онан әрі жалғастырып, жоғары білім ала алады.
Мекен-жайы: Шымкент қ., М.Әуезов ат. ОҚУ колледжі, «13» ғимараты
Телефоны: 8(7252)21-44-62