Талапкерге
М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжіне 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау жүргізіледі.
Колледжде 9 және 11-сынып базасында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндік бар. 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша барлығы 275 орын бөлінді.
9-сынып базасында – 200 орын
07320100 – Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
Біліктілігі: 4S07320106 – Техник-құрылысшы
50 орын
07220100 – Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру
Біліктілігі: 4S07220105 – Техник-технолог
25 орын
07130200 – Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)
Біліктілігі: 4S07130202 – Техник-электрик
25 орын
08410100 – Ветеринария
Біліктілігі: 4S08410104 – Ветеринарлық техник
25 орын
07150100 – Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)
Біліктілігі: 4S07150105 – Техник-технолог
25 орын
01140500 – Дене шынықтыру және спорт
Біліктілігі: 4S01140501 – Дене тәрбиесі мұғалімі
25 орын
04110100 – Есеп және аудит
Біліктілігі: 4S04110102 – Бухгалтер
25 орын
11-сынып базасында – 75 орын
07230100 – Тігін өндірісі және киімді модельдеу
Біліктілігі: 4S07230107 – Техник-технолог
25 орын
06130100 – Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
Біліктілігі: 4S06130103–Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы
25 орын
01140500 – Дене шынықтыру және спорт
Біліктілігі: 4S01140501 – Дене тәрбиесі мұғалімі
25 орын
М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжі талапкерлерді кәсіби білім алып, болашақ мамандығын таңдауға шақырады.
Құжаттарыңызды тапсырып, болашағыңызға нық қадам жасаңыз!
Жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11 сынып түлектері назарына
Замануи талаптарға сай жоғары білікті мамандар даярлау бойынша Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжі 18 мамандық бойынша білімгерлерді қабылдайды.
Колледжде сапалы білім беруге арналған қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Оқу аудиториялары мен зертханалар заманауи құрылғылармен толық жабдықталған.
Білімгерлерге еліміздің жетекші оқытушы – профессорлары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде білім береді. Өндірістік іс-тәжірибе келісімге сәйкес облыстың, алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында өткізіледі.
Колледждің түлектері өз мамандықтарына сәйкес М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2-ші курсынан оқуын ары қарай жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.
Қажетті құжаттар:
1. Білім туралы құжат
2. 086 у үлгідегі дәрігерлік анықтама
3. 063 үлгідегі дәрігерлік анықтама
4. 6 дана сурет 3х4 – сурет
5. Туу туралы куәлік көшірмесі немесе паспорт
Мекен жайымыз: Шымкент қаласы, Рысқұлбекова 1,
Қабылдау комиссиясының тел: 21-44-62




