«Бейімбет Майлин – ұлт әдебиетінің көрнекті өкілі» атты әдеби кеш

«Бейімбет Майлин – ұлт әдебиетінің көрнекті өкілі» атты әдеби кеш

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті колледжінің білім алушыларына қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, ақын әрі драматург Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізілді.

Әдеби кешті колледж кітапханашысы Есмаханбетова Ботагөз ұйымдастырып, студенттерге қаламгердің өмір жолы, шығармашылық мұрасы және қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы кеңінен таныстырды.

Шара барысында жазушының белгілі шығармаларына тоқталып, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәні талқыланды. Студенттер қаламгердің әдеби мұрасымен танысып, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттырды.

Әдеби кештің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық әдебиетті насихаттау, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларын ұлықтау.

Кітап – рухани қазына, әдеби мұра – ұрпаққа аманат!

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.