БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ – БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ!

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ – БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ!
«Цифрлық әлемге кемел біліммен» атты апталық аясында жаратылыстану бағыты бойынша “Бағдарламалық қамтамасыз ету және жаратылыстану: ПЦК оқытушылары Қалдыбекова Г.Ж. Усербаева Б.З студенттер арасында пәндік олимпиада ұйымдастырылды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – студенттердің жаратылыстану пәндері бойынша білім деңгейін анықтау, ғылыми дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және білімге деген қызығушылығын арттыру.
Олимпиада барысында қатысушылар физика, химия, информатика биология және математика пәндері бойынша өз білімдерін сарапқа салып, тапқырлықтары мен ізденімпаздықтарын көрсетті. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, зияткерлік әлеуетін танытуға мүмкіндік берді.
Жаратылыстану ғылымдары – әлемді танудың, жаңалық ашудың және болашаққа бастар білімнің негізі.
Олимпиадаға қатысқан барлық студенттерге белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Білім додасында оза шапқан жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!
#ЦифрлықӘлемгеКемелБіліммен #ЖаратылыстануОлимпиадасы #БілімДодасы #Ғылым

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.