Колледжде жоғары сынып оқушылары үшін ашық есік күні

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің ұйымдастыруымен қаламыздағы мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған "Ашық есік" күні өтті. Колледж директоры м.у.а. Гүлжан Садуақасова оқушыларды колледждің мүмкіндіктерімен таныстырып, білім беру бағдарламаларын ұсынды. Колледж оқытушылары мен студенттері оқу орнының жетістіктері, байқаулардағы жеңістері және өнер туындыларының дефилесі арқылы таныстырылды. Сонымен қатар, колледж студенттері әзірлеген концерттік бағдарламалар көрсетілді.
Гүлжан Садуақасова колледждің әлеуметтік серіктестеріне «Жұмысшы мамандықтар жылында» техникалық және кәсіптік мамандықтарды дәріптеудегі үлесі үшін Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Закидің алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ түрлі байқауларда топ жарған колледж студенттері марапатталды.
 
 
 

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.