М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті колледжінде Ашық есік күні ұйымдастырылып, талапкерлер мен ата-аналарға оқу орнының білім беру бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасы таныстырылды.
Іс-шара барысында қонақтар колледж мамандықтары туралы толық ақпарат алып, зертханалар мен оқу кабинеттерін аралап көрді. Оқытушылар мен студенттер оқу процесі, жетістіктер мен мүмкіндіктер туралы баяндады.
Ашық есік күні туралы сюжет жергілікті Оңтүстік телеарнасында көрсетіліп, көпшілікке кеңінен таныстырылды.
Бұл шара талапкерлерге дұрыс мамандық таңдауына бағыт-бағдар беріп, колледж өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасады.

Это демонстрационная версия модуля
Скачать полную версию модуля можно на сайте Joomla School