Жаңалықтар
🛑 «Stop сталкинг» әлеуметтік желі науқаны өтті
? «Stop сталкинг» әлеуметтік желі науқаны өтті
Бүгін М.Әуезов атындағы оқу колледжі білім алушыларына «Stop сталкинг» әлеуметтік желі науқаны ұйымдастырылды.
Іс-шараның тақырыбы: «Бұл сталкинг пе, жоқ әлде жәй назар ма?»
Науқанның мақсаты – студенттер арасында жеке қауіпсіздік, тұлғалық шекара және интернеттегі жауапты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында:
• ? Сталкингтің белгілері көрсетілген қысқаметражды бейнеролик ұсынылды;
• ? Ақпараттық постерлер арқылы «жәй назар» мен қудалаудың айырмашылығы түсіндірілді;
• ? Студенттерге сталкингтің алдын алу және әрекет ету жолдары жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.
Кездесу барысында білім алушыларға:
• «Жоқ» деген жауаптың маңыздылығы;
• Жеке шекараны құрметтеу;
• Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелері;
• Құқықтық қорғау мүмкіндіктері түсіндірілді.
Студенттер белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті. Талқылау барысында кез келген адам өзін қауіпсіз сезінуге құқылы екені ерекше атап өтілді.


