Жаңалықтар
«ЗИЯТКЕР-2025» МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Шымкент қаласындағы кәсіптік және техникалық орта білім беру ұйымдарының арасында «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылған «Зияткер-2025» интеллектуалды сайысы мәресіне жетті. М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі ұйымдастырған сайысқа қаладағы 18 колледжден «Автомеханик», «Алғырлар», «Эрудит», «Жас қазақ», «Шаңырақ», «ГЭК жастары», «Cambridge», «Sparky», «Айбат», «Бестұғыр» т.б. командалар қатысты.
Сайыстың мақсаты – студенттердің зияткерлік әлеуетін арттыру, сыни ойлау мен логикалық талдау қабілеттерін дамытуда, білімге деген құштарлықты оятатын, сонымен қатар, оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және білім алмасуға бағытталған алаң.
Интеллектуалды сайыстың қорытындысымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің «Infinity» командасы І орын, Индустриалды-техникалық колледжінің «Айбат» командасы ІІ орынға ие болды.
Қорытынды кеште сөз алған М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма мүшесі-Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор Садыбек Бейсенбаев барлық қатысушыларға алғысын жеткізіп, жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін құттықтап, алғыс хат пен кубок табыстады.
«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылған «Зияткер-2025» интеллектуалды сайысына атсалысып, қолдау білдірген Шымкент қаласындағы кәсіптік және техникалық орта білім беру ұйымдарының басшыларына, қатысушыларға және олардың жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз!