Жаңалықтар
КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ӨТЕТІН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСҚА ІРІКТЕУ ӨТУДЕ.
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Шымкент қаласындағы кәсіптік және техникалық орта білім беру ұйымдарының арасында «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай, «Зияткер-2025» интеллектуалды сайысы басталды. Сайысқа қаладағы 20-ға жуық колледжден «Автомеханик», «Алғырлар», «Эрудит», «Жас қазақ», «Шаңырақ», «ГЭК жастары», «Cambridge», «Sparky», «Айбат», «Бестұғыр» т.б. командалар қатысуда.
Интеллектуалды сайыстың ашылу салтанатында сөз алған М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Садуақасова Гүлжан Ерболатқызы сайыстың студенттердің зияткерлік әлеуетін арттыру, сыни ойлау мен логикалық талдау қабілеттерін дамытуда, білімге деген құштарлықты оятатын, сонымен қатар, оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және білім алмасуға бағытталған алаң екенін атап өтті.
Бүгін командалар арасында іріктеу кезеңі өтіп жатыр.