М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің студенттері - WorldSkills Shymkent-2025 жеңімпаздары!

2025 жылдың 13-16 мамыр күндері Шымкент қаласының колледж студенттері арасында «WorldSkills Shymkent - 2025» өңірлік чемпионаты өткізілді. Шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және кәсіби техникалық білім беру жүйесін дамыту. Аталмыш чемпионатқа М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің сарапшылары мен үздік студенттері белсене қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша Асилбеков Мадиер (жетекшісі А.П. Алдаберген) – 2 орын, «Ұшқышсыз аппараттарды басқару» құзыреттілігі бойынша Мелдебек Марлен (жетекшісі Г.А. Амирханова) – 2 орын, «Плита қаптау» құзыреттілігі бойынша Жарас Қуаныш (жетекшісі Е.А. Әлиқызы) – 2 орын, «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша Әбілқасым Жанбақыт (жетекшісі М.К. Конысбеков) – 2 орын, «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзыреттілігі бойынша Пернебек Нұрбатыр (жетекшісі З.Н. Искандиров) – 3 орын, «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Сәрсенбай Айдана (жетекшісі М.А. Умешова) – 3 орын алып үздіктер қатарынан көрінді. М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің жүлделі орынға ие болған студенттері мен жетекшілерін үздік нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Image
Image
Image
Image

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.