Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Auezov University 80 жылдығына орай құттықтауы.

Құрметті М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымы!
Бүгінде еліміздегі еңселі де беделді, тағлымды да тұғырлы білім ордасы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне 80 жыл толып отыр. Университет осы жылдары бірнеше белестерден өтіп, өзіндік дәстүрі мен дағдысын, тәжірибесі мен тарихын қалыптастырды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет. Сондықтан ұстаздар қауымына, яғни сіздерге зор жауапкершілік жүктеледі», – деп атап өтті.
Жастарға сапалы білім, ұлағатты тәрбие беріп, олардың заманға сай саналы, білімді, өнегелі азамат ретінде қалыптасуына, адами құндылықтар мен мәдени игіліктерді меңгеруде жоғары оқу орындарының алар орны айрықша.
Түлектеріңіз тек қана ел аймақтарында ғана емес, сонымен қатар таяу және алыс шетелдерде еңбек етумен қатар, кәсіби біліктілік пен жоғары жауапкершілік, ерекше білімдарлық пен қарымды қабілет көрсетіп жүргенін мақтанышпен атап өту қажет.
Құрметті университет ұжымы, баршаңызды атаулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, егемен еліміздің еңсесін биіктету жолындағы қадамдарыңызға толағай табыстар тілеймін!
Мәулен ӘШІМБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы