Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Auezov University 80 жылдығына орай құттықтауы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Auezov University 80 жылдығына орай құттықтауы.

Құрметті Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымы! Қадірлі ғалым-ұстаздар!

Еліміздің жоғары оқу орындары әрдайым қоғамның ғылыми, интеллектуалдық дамуының қайнар көзі болып келеді. Бастауы күрделі кезеңдердің қыртысында жатқан бүгінгі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті әрқашан ел экономикасына білікті мамандар мен ғылыми жаңалықтар беріп отырды.

Қалыптасқан озық дәстүрлеріне берік болған, жаңа жаһандық құндылықтарды сіңіре білген білім ордасына биыл 80 жыл толып отыр. Осы орайда Сіздерді Оңтүстік өңірдің білімі мен ғылымының қара шаңырағы – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімін иеленген білім ордасы бүгінде жаһандық бәсекеге қабілетті мамандар даярлау жолында тынымсыз еңбек етуде.

Университет соңғы 5 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырды. Өңірдің интеллектуалдық потенциалын шоғырландырған ғылым мен білім ордалары бүгінгі күнгі қарқынды көштің соңында қалмауы керек. Мен әруақытта ел экономикасын ғылым мен инновацияға сүйене отырып дамыту логикасын ұсынып келемін.

Ғылым – экономикамыздың қуатты, болашағымыздың жарқын болуына жол ашатын пәрменді қару. Осы бағыттағы Сіздердің жетістіктеріңіз көпшілікке мәлім. Бұл Сіздердің қажырлы қайраттарыңыз бен сарқылмас жігерлеріңіздің арқасында деп бағамдаймын.

Өскелең ұрпаққа білім мен ғылымды, тәлім мен тағылымды бойына сіңіру жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.

Мерейтой құтты болсын!

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.