Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Auezov University 80 жылдығына орай құттықтауы.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Auezov University 80 жылдығына орай құттықтауы.

Құрметті Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымы!

Сіздерді еліміздегі танымы биік, тарихы терең беделді жоғары оқу орындарының бірі – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Кемел келешектің кілті қашан да сапалы білімде. Бұл тұрғыда білім мен ғылымның бірегей орталығына айналған университеттің отандық білім және ғылым көкжиегіндегі алар орны ерекше.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз ғылымның ұлттық экономикаға қосатын үлесін көбейтуіміз керек. Сонымен бірге, әлемдік ғылыми кеңістікпен ықпалдастықты күшейткен жөн. Ғалымдар еліміздің рухани дамуына да баса мән бергені дұрыс. Әсіресе, жастардың отаншылдық рухын күшейту керек», – деген болатын. Бұл тұрғыда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті көптеген биік мақсаттар мен іргелі жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

Университет ұжымы алдағы уақытта да әлемдік бәсекеге төтеп беріп, озық ойлы, ұлтжанды кадрларды тәрбиелеу жолындағы игілікті дәстүрді жалғастырады деген сенімдемін.

Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!

Әлихан СМАЙЫЛОВ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.