Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановтың Auezov University 80 жылдығына орай құттықтауы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановтың Auezov University 80 жылдығына орай құттықтауы.

Құрметті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымы!

Сіздерді университеттің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

М.Әуезов университеті – еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан белгілі жоғары оқу орындарының бірі.

Президентіміз Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады. Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет.

Сіздердің бүгінде алдарыңызға қойып отырған ғылыми-педагогикалық миссияларыңыз Тәуелсіз Қазақстанның әлем өркениеті арасында лайықты орын алу жолындағы мақсат-мүддесіне толық сай келеді. Университет осы бағытта өнімді әрі креативті түрде еңбек етіп келеді.

Кезінде заңғар жазушы, ойшыл М.Әуезовтің: «Халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін – білім» – деп айтқан даналық сөзі оқу ордасының бүгінгі тыныс тіршілігін айқындайтындай.

Алдағы уақытта да университет ұжымына Хакім Абай негізін салған «Толық адам» ілімі концепциясына сай ғылым мен білімді өнегелі тәрбиемен ұштастырып, шәкірттер тәрбиелеуде зор жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін.

Ерлан ҚОШАНОВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.