«Ұстаз мерейін өсіруге бағытталған заң»
«Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі»
Мағжан Жұмабаев
Ұстазды сыйлауды ережесіз-ақ ұғынған ұлы дала халқы бала болашағы мен тәрбиесінің бақылаушыларын ежелден зор құрметке бөлеген. Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаз деп бағалаған халықтың болашағы қашан да жарқын екендігін тарихтың өзі дәлелдеді. Мұғалім қолына бала болашағын, ұлт ертеңін сеніп тапсыратын қоғамның педагогті құрметтеу – парызы. Жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын ұрпақ бойына дарытып, әр саланың жүйріктеріне білім беріп, тәрбиелеп келе жатқан ұстаздарды сыйлау заңдастырылды. Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы ұстаздар қауымы үшін қуанышқа толы айтулы жаңалықтардың бірі болды. Қабылданған заңның мазмұны мұғалім мәртебесін арттырып, өнімді еңбек етуге зор ықпалын тигізетін жаңалықтарға толы. Заң аясындағы педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, педагогтің кәсіби қызметін атқару шарттары, оның ішінде кәсіби қызметіне кірмейтін жұмысқа тартуға тиым салу, еңбектегі кәсіби жетістігі үшін көтермелеу сияқты нормалар көп ұстаздардың көкейтесті мәселелерінің түйінін шешті десек артық айтқандық емес. Мұғалімдерді материалдық ынталандыру алмағайып заманда бұл мамандыққа деген сұраныс санын өсіріп, бәсекелес тудырып, сапалы мамандарды іріктеп шығарары сөзсіз. Сонымен қоса, оқу жүктемелерінің санын азайтып, шығармашылықпен айналысу зор мүмкіндіктерді қарастырған. Оның да материалдық ынталандыруы қоса ескеріліп, педагогтің жан-жақты дамуы үшін барлық мүмкіндік қамтылған. Мұғалімдердің қатысуы арқылы құрастырылған заң жобасы өміршең болмақ. Себебі, қоғамдағы әрбір педагог реттеліп, өзінің кәсіпттік міндеттерінің аясын анық біліп, оған ешкімнің негізсіз араласуына жол бермесе заң өз діттеген мақсатына жетпек. Қысқаша айтқанда, мұғалім мәртебесі көтерілуі үшін ең бірінші – функция толық орындалуы керек. Ол үшін ұстаздар құрылған заңдағы артықшылықтарға сай нәтиже көрстете білуі қажет. Саяси және әлеуметтік мәні үлкен заң ұстаз мерейін өсіру , оның мәртебесін жақсартуға бағытталғаны барша ұстаздардың көңілінен шығып отыр деп айта аламыз.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің ұжымы