СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ (СҚКО)
Жұмыс тәртібі және көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Телефон: +7(7252)-21-44-62
Жұмыс уақыты: 9.00-ден 18.00-ге дейін. Түскі үзіліс уақыты 13.00.-14.00
Мекен-жайы: Шымкент қ., Рысқұлбеков көшесі 5/5, 1 қабат, 107 кабинет.
Колледж көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізімі:
2. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»
4. "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру"
5. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»
7. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау"
Бір студентке қызмет көрсету уақыты мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес қатаң реттеледі. СҚКО-да ақпараттық-консультациялық көмек қызметтері қолжетімді. Осы жерден Egov электрондық порталынан онлайн қызметтерді өз бетінше алуға болады. Ол үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді. Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен түрлі анықтамалар алуға болады.
СҚКО жұмысы студенттер проблемаларын шешудің тиімділігі мен жеделдігін едәуір арттырады, көрсетілетін қызметтердің сапасын қағидатты жаңа деңгейге көтереді, білім алушылардың әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтерді алуға жұмсайтын уақытын азайту міндетін шешеді.