Жаңалықтар
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру
| Мемлекеттік қызмет атауы | "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" СТАНДАРТ | 
| Өкілетті органның бұйрығы және күні | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 357 бұйрығы | 
| Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру орыны және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі | Колледж ОҚУ (1 қабат, 105 кабинет) | 
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты (атқарушы) тұлғалар, байланыс мәліметтері | Еспенбетова Шолпан Айдарқызы Байланыс номері: +7(775) 532 04 51 | 
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттар тізімі | сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші; 2) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы; ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші; 2) туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ОДКК) шешімі; бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші; 2) туу, ұл немесе қыз бала асырап алу туралы (куәлік) құжаттар; әскери қызметке шақырылатын студентке академиялық демалыс беру үшін: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші; 2) әскери қызметке шақыру туралы қағаз. | 
| Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері | Құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 20 (жиырма) минут; Қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут. | 
| Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері | белгіленген тәртіппен расталған білім беру ұйымы басшысының білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрығының көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. | 
 
                  
						 
                  
						 
                  
						