Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау
| Мемлекеттік қызмет атауы | "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" СТАНДАРТ | 
| Өкілетті органның бұйрығы және күні | Қазақстан Республикасы | 
| Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру орыны және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі | Колледж ОҚУ (1 қабат, 105 кабинет) | 
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты (атқарушы) тұлғалар, байланыс мәліметтері | Мамасарипова Пердекүл Лесбайқызы Байланыс номері: +7(702) 327 38 08 | 
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттар тізімі | Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында басқа білім беру ұйымына ауыстыру үшін: 1) ауыстыру туралы өтініш (еркін нысандағы); 2) ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі. Қайта қабылдау үшін: 1) қайта қабылдау туралы өтініш (еркін нысандағы); 2) "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5717 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша анықтама. Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы үшін төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжат. | 
| Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері | Ауысу үшін: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей. Қайта қабылдау үшін: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап екі апта ішінде; оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған білім алушы төлемақы бойынша берешегін өтеген жағдайда; оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде, төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде: көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут; қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут. | 
| Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері | Оқу орнына ауысу немесе қайта қабылдау туралы бұйрық. | 
| Ескерту | Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа мекен жайға көшкен жағдайда растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі; | 
 
                  
						 
                  
						 
                  
						