"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау"
Мемлекеттік қызмет атауы |
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" СТАНДАРТ |
Өкілетті органның бұйрығы және күні |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 қарашада № 17705 болып тіркелді. |
Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру орыны және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі |
Колледж ОҚУ (1 қабат, 107 кабинет); Электрондық үкімет порталы |
Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты (атқарушы) тұлғалар, байланыс мәліметтері |
Асқар Олжас Ақжолұлы Байланыс номері: +7(702)-515-75-70 |
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттар тізімі |
1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш; 2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы; 3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет; 4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы); 5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса); 6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады: 1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты; 2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; 3) босқын – босқын куәлігі; 4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі; 5) оралман – оралман куәлігі. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес техникалық және кәсіптік, 1-қосымшаға орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады. |