Жаңалықтар
"ЕРЛІК ЕЛГЕ МҰРА - ҰРПАҚҚА ҮЛГІ" атты кең ауқымды іс-шара өтті.
2022 жылдың 6-мамыр күні Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы орталығында Қазығұрт ауданы әкімдігі, ОҢТҮСТІК ТАРИХШЫЛАР ЖӘНЕ САЯСАТТАНУШЫЛАР ҚОҒАМЫ ұйымдастыруымен "ЕРЛІК ЕЛГЕ МҰРА - ҰРПАҚҚА ҮЛГІ" атты Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов Омарқұлұлының туғанына 120 жыл толуына орай терең мағыналы, жастарға үлгі боларлық кең ауқымды іс-шара өтті. Шымкент қаласынан арнайы делегация құрамын Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет колледжінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор ӘЛІБЕК СЕЙДЕХАН НҰРМАХАНҰЛЫ басқарды. Сондай-ақ делегация құрамында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің шетел студенттерімен жұмыс жүргізу департамент директоры, тарих ғылымдары кандидаты Гаухар Сейдуаллыұлы Тілеуқұлов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет колледжінің профессоры, еңбек ардагері Серкебаев Салдарбек Колибаевич, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет колледжінің Жастар ісі жөнінде инспектор, "Халықаралық қатынастар" мамандығының магистрі Асқар Олжас Ақжолұлы, Шымкент "Жас ұлан" мектеп қызметкерлері - қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогі, педагогика ғылымдарының магистрі Гүлімжан Мұхамеджанқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогі, педагогика ғылымдарының магистрі Бақытгүл Мүсірқұлқызы болды. Іс-шарада барысында С.Н.Әлібек Кеңес одағының батыры Сабыр Рақымовтың өмірі мен майдандағы ерліктері жайында конференцияда сөз сөйледі.