Жаңалықтар
ЖАСТАРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАСТАРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің студенттерімен ақпараттық-түсіндіру бағытында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы Дін істері басқармасының Этносаралық қатынастарды талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің сарапшысы Бесбаева Маржан Әлібайқызы және Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің теолог маманы Қыпшақбаев Рауан қатысты.
Кездесу барысында этносаралық келісім, діни сауаттылық, конфессияаралық татулық, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Мамандар студенттерге қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтау, ұлттық және рухани құндылықтарды құрметтеу, діни ақпараттарды дұрыс саралау және ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауап алды.
Басты мақсат – жастардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың бойында толеранттылық, отансүйгіштік пен қоғамдық жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Қазақша
Русский
English 