КІТАП ОҚУ – ӨЗІҢДІ ДАМЫТУДЫҢ ЕҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ!

КІТАП ОҚУ – ӨЗІҢДІ ДАМЫТУДЫҢ ЕҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ!
«Цифрлық әлемге кемел біліммен» атты апталық аясында колледж кітапханасында «Өзім оқып шықтым, сізге де оқуға кеңес берем» тақырыбында TED-style форматындағы мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Бағдарламалық қамтамасыз ету және жаратылыстану оқытушысы Жаканбаева А.К.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, оқырмандық белсенділікті дамыту және жастарды өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру.
Кездесу барысында студенттер өздері оқыған кітаптарымен бөлісіп, шығармалардың мазмұны мен өмірлік мәні туралы ой қозғады. Сонымен қатар, оқуға ұсынған кітаптарының құндылығы мен алған әсерлерін ортаға салып, өзара пікір алмасты.
TED-style форматындағы бұл кездесу әр студентке өз ойын еркін жеткізуге, көпшілік алдында сөйлеуге, жеке көзқарасын білдіруге және өзгелерді кітап оқуға шабыттандыруға мүмкіндік берді.
Себебі кітап – білімнің қайнар көзі, ой-сананың дамуы мен тұлғалық қалыптасудың маңызды құралы.
Кітап оқыған ұрпақ – ойы озық, болашағы жарқын ұрпақ!
Іс-шараға белсенді қатысқан студенттерге алғыс білдіреміз!
#ЦифрлықӘлемгеКемелБіліммен

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.