Жаңалықтар
Саяси қуғын-сүргін музейіне танымдық экскурсия

2026 жылдың 23 қазан күні Шымкент қаласындағы Саяси қуғын-сүргін музейіне М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің ЕАН-26-1к тобының бірінші курс студенттері танымдық экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Досыбай Нұрлыбек Жолдасбекұлының жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Экскурсияның мақсаты – студенттерге еліміздің тарихындағы саяси қуғын-сүргін кезеңі туралы мағлұмат беру, тарихи оқиғаларды тереңірек таныту, өткен тарихтан тағылым алуға және тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Музейге саяхат барысында студенттер халқымыздың басынан өткен ауыр кезеңдермен танысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры туралы тарихи деректерге қанықты. Бұл танымдық экскурсия студенттердің тарихи санасын қалыптастырып, ел тарихына деген құрметін арттыруға ықпал етті.

Қазақша
Русский
English 