25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

«Менің елім – Қазақстаным!» ??

25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінде 25 қазан – Республика күніне орай «Менің елім – Қазақстаным!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.

Республика күні – еліміздің тәуелсіздікке бастаған тарихи қадамын айқындайтын, ұлттық бірлігіміз бен елдігімізді дәріптейтін маңызды мереке. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қаланды.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және ел тарихын бағалауға тәрбиелеу.

Мерекелік шара барысында Қазақстанның тарихы мен жетістіктері дәріптеліп, Отан, туған жер, ел бірлігі мен тәуелсіздік туралы тағылымды ойлар айтылды. Студенттер патриоттық әндер орындап, өлеңдер оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, болашағы жарқын болсын! Әр шаңыраққа амандық, елімізге тыныштық пен бақ-береке тілейміз!

Республика күні құтты болсын!

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.