Жаңалықтар
«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы
«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы
28 қазан күні «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің білім алушылары арасында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға үйрету, еңбекқорлыққа баулу және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға деген жауапкершілігін арттыру.
Акция барысында білім алушылар колледж ауласын тазалап, айналаны қоқыстан тазартып, оқу ордасының көркеюіне өз үлестерін қосты. Осындай игі істер арқылы жастар табиғатты қорғаудың маңызын түсініп, тазалық пен тәртіпті сақтаудың әрбір азаматтың міндеті екенін көрсетті.
Тазалық – тәртіптің бастауы, табиғатқа қамқорлық – болашаққа қамқорлық!
#ТабиғатқаҚамқорлықЖасаймыз #ЕңбегіАдалЖасӨрен #ТазаҚазақстан #ЭкологиялықМәдениет #ЖастарЕңбегі

Қазақша
Русский
English 