«Жастар қауіпсіздігі – басты назарда»: студенттермен маңызды кездесу өтті

Image
Image
Image
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жастар арасында өзекті мәселелер бойынша төмендегі маңызды тақырыптар қозғалды:
  • Лудоманияның алдын алу;
  • Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу;
  • «Қыздар кеңесі»;

  • Өмірдің құндылығы және суицидтің алдын алу.

Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығының» психологы Қоңырат Ү. және Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел өкілі, полиция капитаны Бекбаев Б.Т. қатысты.

Кездесу барысында студенттерге өз қауіпсіздігін сақтау, қиын жағдайларға тап болған кезде көмекке жүгіну, сондай-ақ өз құқықтары мен жауапкершілігін білу жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.

Осындай кездесулер жастардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттырып, түрлі қауіптердің алдын алуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. @shymqala_zhastary @zhastar_sayasaty_shymkent
Image
Image
Image

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.