Жастардың көңіл-күйін көтеріп, жағымды орта қалыптастыру мақсатында «Бақыт мекені» тренингі өткізілді

Image
Image
Image
«Бақыт мекені» атты қызықты тренинг өтті

М. Әуезов ОҚУ колледжінде Қайрат Бахытұлының спикерлігімен студенттерге арналған «Бақыт мекені» атты тағылымды әрі қызықты тренинг ұйымдастырылды.

Тренинг барысында отбасылық құндылықтар, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы түсіністік пен сыйластық сияқты маңызды тақырыптар қозғалды.

Кездесу барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, спикермен еркін форматта сұрақ-жауап жүргізді.

Отбасы – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Осындай мазмұнды кездесулер отбасындағы жылулық пен өзара түсіністікті нығайтуға үлкен ықпал етеді.

#БақытМекені #ОтбасылықҚұндылықтар
Image
Image
Image

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.