Елді сүю – жүректен, Отанды құрметтеу – парыз!

Бүгін, 7 қыркүйек күні сағат 08:00-де, Мұхтар Әуезов атындағы ОҚЗУ колледжінің білім алушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Мемлекеттік Әнұран – ел бірлігінің, тәуелсіздіктің және Отанға деген мақтаныштың символы. Әрбір білім алушының жүрегінде елге деген құрмет пен жауапкершілік сезімі қалыптасуы – маңызды міндет.

?? Отанымыздың көк Туы көгімізде мәңгі желбіреп, Әнұранымыз асқақтай берсін!

#МемлекеттікӘнұран #ПатриоттықТәрбие #ОтанғаДегенСүйіспеншілік #Қазақстан #ОҚЗУКолледжі
 
 
 

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.