ӘУЕЗОВ УНИВЕСИТЕТІНДЕ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БЕЙІМДЕЛУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

1 қыркүйек – Білім күні. 
Жаңа оқу жылының басталуына орай Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде бейімделу апталығы өз жұмысын бастады.
Апталықтың алғашқы күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің жаңа студенттеріне арналды. Жас талапкерлерді Білім күнімен құттықтаған Басқарма Төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген оларға ақжарма тілегін білдірді.
«Ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар. Талмай, ерінбей еңбектеніп, білімге деген зейіндеріңіз арта берсін. Еліміздің болашағы – білімді, білікті жастардың қолында», – деді ректор.
Сонымен қатар, ректор жастардың ел экономикасын дамытуға үлес қосатын білікті маман болып қалыптасуы маңызды екенін атап өтті.
Бейімдеу апталығы аясында жаңа студенттер колледждің ішкі тәртібімен, құрылымы және басшылығымен танысып, білімге ұмтылуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге ант берді.
Кездесуде колледжде білім алып, спорт пен өзге де бағыттарда жетістікке жетіп жүрген студенттер таныстырылды. Колледж директоры Дархан Шардарбеков те жастарға сәттілік тілеп, жаңа оқу жылын бірге жаңа белестерден бастауға шақырды.
Биыл колледжге 450 студент қабылданып, бүгінде мұнда 1300 студент білім алуда.
Қатарымзға қош келдің, студент! Жаңа оқу жылы құтты болсын!
 
 
 

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.