Жаңалықтар
Шымкент қаласының колледж педагогтері республикалық спартакиадада жүлделі II орын иеленді

Техникалық және кәсіптік, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында өткен республикалық спартакиадада Шымкент қаласының колледждерінен құралған құрама команда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар арасында өткен жарыста шымкенттік педагогтер өздерінің спорттық шеберлігін, ұйымшылдығын және жеңіске деген жігерін таныта білді. Команданың бұл жетістігі – білім саласы қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткенінің жарқын көрінісі.
Шымкент қаласының намысын абыроймен қорғаған құрама команда мүшелерін республикалық деңгейдегі жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз! @oqu_agartu_ministrligi @tiposhymkent @bilim_shymkent @auezov_university