Оқу-жаттығу өткізілді

Бүгін сағат 13:00-де Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінде білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға арналған оқу-жаттығу өткізілді.

Іс-шара барысында жер сілкінісі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, сондай-ақ терроризм қаупі туындаған кездегі қауіпсіздік шаралары мен эвакуациялау тәртібі пысықталды. Оқу-жаттығу терроризм тұрғысынан осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ұйымдастырылды.

Жаттығудың негізгі мақсаты – білім алушылар мен колледж қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету дағдыларын жетілдіру, қауіпсіздік талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және жедел әрекет етуге дайындық деңгейін арттыру.

Оқу-жаттығу барысында қатысушыларға қауіпсіз эвакуациялау жолдары түсіндіріліп, шартты төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері көрсетілді. Іс-шара ұйымдасқан түрде өтіп, қойылған міндеттер толық көлемде орындалды.
 
 
 

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.