5 маусым – Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні

2026 жылғы 5 маусым – Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай Шымкент қалалық колледж студенттері арасында Қошқар ата өзенінің жағалауында «Эколог сағаты» республикалық акциясы ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және табиғатты аялау құндылықтарын насихаттау. Акция барысында студенттерге қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, экологиялық мәселелерді шешудегі әр азаматтың рөлі кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушылар Қошқар ата өзенінің маңын тазалау жұмыстарына белсенді атсалысып, табиғи аумақтың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Акция жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.

«Эколог сағаты» республикалық акциясы аясында өткізілген бұл іс-шара қоршаған ортаны қорғау ісіне қоғамның назарын аударып, экологиялық сананы қалыптастыруға өз септігін тигізді.

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.