Құрметті ата-аналар!

Бүгін Zoom бағдарламасы арқылы М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің білім алушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абишев Р. жазғы демалыс кезінде студенттердің қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Ата-аналарға балаларын бақылауда ұстау, суға түсу кезінде, тау-тас аймақтарында абай болу және сақтық шараларын сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Садуақасова Г. студенттердің сессия кезеңіндегі оқу үлгерімі, емтихан тапсыру тәртібі және академиялық жауапкершілік мәселелері бойынша ақпарат берді.
Жиналыс барысында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, білім алушылардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуы басты назарда екені айтылды.

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.