Жаңалықтар
ҚЫЗДАР КОМАНДАСЫ ҰЛТТЫҚ КОЛЛЕДЖ ЛИГАСЫНДА І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Қуанышты жаңалық! Қыздарымыз спорттық додада жеңіс тұғыранын көрініп, университетіміздің абыройын асқақтатты!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 21–29 мамыр күндері Ақмола облысы, Щучинск қаласында орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында Республикалық Ұлттық колледж лигасы өтті.
Аталған жарыста М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің қыздар командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, шағын футболдан І орынды иеленді.
Жеңімпаз команданы жарқын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!