«АНАЛАР ЖҮРЕГІНІҢ НҰРЫ»: АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН ЕРЕКШЕ КҮН

Ананы құрметтеу – әр адамның парызы. Өйткені ана – тіршіліктің бастауы, мейірім мен махаббаттың мәңгілік шамшырағы. Осы құндылықтарды дәріптеу мақсатында Әуезов университетінде Қазақстанның Аналар күніне арналған «Аналар жүрегінің нұры» атты ерекше мерекелік іс-шара өтті.
Кеш шымылдығын «Қаракөз» ансамблі ашып, «Қыз ғұмыры» биі арқылы ананың нәзіктігі мен даналығын, қыз баланың өмір жолын әсем қимылмен бейнеледі.
Мерекелік кештің сәнін келтірген «Раздолье» ансамблінің әсем әндері мен Strong Dance Kids би тобының жарқын билері көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ана туралы тебіреніске толы әндер шырқалып, көрермендер ерекше әсерге бөленді.
Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының аға оқытушысы Татьяна Тарасенконың өмірден озған анасына арнап жазған «Свет материнской души» кітабының тұсаукесері болды. Бұл еңбек – тек автордың анасына деген сағынышы ғана емес, барша аналарға тағзым, аналық мейірімге қойылған рухани ескерткіш іспетті. Кітаптың лентасын Президенттік «Шапағат» медалінің иегері және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрмет белгісінің иегері Наталья Шевченко қи

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.