БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ – ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Ел тыныштығы – ең үлкен байлық. Ал сол тыныштықты күзетіп, ел қауіпсіздігі жолында жанқиярлық танытып жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Осы мақсатта М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі жастарға патриоттық рух сыйлаған «Бейбіт күннің батырлары» атты тағылымды кездесу өтті. Студенттер Ұлттық ұланның ержүрек офицерлері – 6506 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының көмекшісі, майор Ербол Отарбаев және 6698 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының көмекшісі, капитан Сырым Сүндетовпен жүздесті.
Майор Ербол Отарбаев 2010 жылы қатаң режимдегі түзеу мекемесінен қашуға әрекет жасаған қылмыскерлердің жолына жалғыз өзі тосқауыл қойып, ерлік көрсеткен. Осы батылдығы үшін III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Осы ерлігінің негізінде «Алтыншы бекет» көркем фильмі түсірілген.
Ал капитан Сырым Сүндетов 2016 жылы Ақтөбедегі әскери бөлімге жасалған лаңкестік шабуыл кезінде асқан ерлік танытып, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалінің иегері атанған.
Кездесу барысында қонақтар әскери қызметтің жауапкершілігі, Отанға адал қызмет етудің маңызы туралы айт

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.