М.Әуезов атындағы ОҚУ колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.А. Абишев колледж оқытушыларына «Білім және еңбек – стратегиялық құндылық: адами капиталды дамыту» тақырыбында онлайн-семинарын өтті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылы 17 сәуірде сағат 15:00-де ZOOM платформасында онлайн форматта Семинар өткізіліп, бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.А. Абишев колледж оқытушыларына
«Білім және еңбек – стратегиялық құндылық: адами капиталды дамыту» тақырыбында онлайн-семинарын өтті.

Аталған семинардың негізгі мақсаты – білім беру жүйесінде адами капиталды дамытудың маңыздылығын арттыру, еңбекке деген жауапкершілік пен кәсіби бағдарды нығайту, сондай-ақ білім мен еңбектің өзара байланысын терең түсіндіру болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға заманауи білім беру үрдістері, еңбек нарығындағы өзекті мәселелер, кәсіби дағдыларды дамыту жолдары және тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттары кеңінен талқыланды.

Семинар қатысушылары өзара тәжірибе алмасып, білім мен еңбекті ұштастырудың тиімді тетіктерін қарастырды. Сонымен қатар, адами капиталды дамыту – елдің тұрақты дамуы мен экономикалық өсудің негізгі факторы екендігі атап өтілді.

Қорытындылай келе, аталған семинар білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, жаңа идеялар мен ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік беріп, колледж оқытушылары колледж білім алушылармен пікірлесетінін атап өтті.
 
 
 

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.