ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА “АШЫҚ ЕСІК” КҮНІ ӨТТІ

2026 жылдың 16 сәуірінде Ұлы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында “Ерлікке тағзым” акциясы аясында және “Отан қорғаушылар” күніне орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің дала жиынының төртінші күні Шымкент қаласындағы колледждер мен мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында әскери кафедрада “Ашық есік” күні өтті.

Салтанатты шара әскери сап түзумен басталып, кафедра басшылығы мен университет өкілдерінің құттықтау сөздеріне ұласты. Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев іс-шараның тәрбиелік маңыздылығына тоқталып, әскери кафедраның әскери саланың білікті мамандарын даярлаудағы рөлін ерекше атап өтті.

Іс-шара әскери кафедра бастығы, полковник Жақып Кенжебаевтың құттықтау сөзімен жалғасты. Ол өз сөзінде мұндай кездесулердің жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі маңызы зор екенін айтып, әскери кафедраның негізгі қызметі мен мақсаттарына кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, шараға Шымкент гарнизонының басшылығы, жоғары шенді офицерлер мен әскери бөлім командирлері қатысып, болашақ сарбаздарға ізгі тілектерін білдірді. Қатысушылар әскери кафедраның оқу-материалдық базасымен танысып, әскери техникаларды пайдалану тәртібі, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, әскери дайындықтың ерекшеліктері және болашақ мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат алды.

Іс-шара барысында студенттер жекпе-жек ұрыс тәсілдерін, қарумен қозғалу және саптық дайындық элементтерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл көріністер жастарға әскери тәртіптің, төзімділік пен батылдықтың, жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.