«Тазалық, гигиена, жеке бас гигиенасы және жұқпалы аурулардың алдын алу»

31 наурыз күні М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің жатақханасында студент қыздар арасында «Тазалық, гигиена, жеке бас гигиенасы және жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге тазалықтың маңызын түсіндіру, жеке бас гигиенасын сақтау мәдениетін қалыптастыру және жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын кеңінен насихаттау болды.

Жиналыс барысында қатысушыларға күнделікті гигиеналық талаптарды сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Атап айтқанда, уақытылы жуыну, қолды жиі жуу, киім-кешекті таза ұстау, сондай-ақ бөлмені үнемі желдетіп отырудың маңызы айтылды. Сонымен қатар, жатақханадағы ортақ пайдалану орындарында тазалық сақтау әрбір студенттің міндеті екені ерекше атап өтілді.

Кездесу барысында жұқпалы аурулардың таралу жолдары мен олардың алдын алу шаралары жан-жақты талқыланды. Жеке заттарды ортақ пайдаланбау, тазалықты сақтау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және сырқаттанған жағдайда дер кезінде дәрігерге жүгіну қажеттілігі ескертілді.

Жиналыс соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, тазалық пен гигиенаны сақтау – тек жеке адамның емес, бүкіл ұжымның денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екені атап өтілді. Сонымен қатар, жатақханадағы тазалықты сақтау мен жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша нақты ұсыныстар берілді.


БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.