Жаңалықтар
19 наурыз – Жаңару күні табиғат пен адамзаттың жаңғыруын бейнелейтін ерекше мереке.
19 наурыз – Жаңару күні табиғат пен адамзаттың жаңғыруын бейнелейтін ерекше мереке. Бұл күні айнала тіршілік жанданып, адамдар игі істерге ұмтылады. Осындай игі бастамалардың бірі ретінде М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі білім алушылары қоршаған ортаны көркейту мақсатында сенбілік ұйымдастырды.
Студенттер ағаш түптерін қопсытып, жаңа көшеттер отырғызып, табиғатты аялаудың жарқын үлгісін көрсетті. Бұл шара тек қоршаған ортаны тазарту ғана емес, сонымен қатар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Жаңару күні – әрбір адамды жақсылық жасауға, табиғатты қорғауға шақыратын маңызды күн. Осындай игі істер арқылы болашаққа жасыл әрі жарқын жол саламыз.



