Жаңалықтар
Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі білім алушыларына арналған тағылымды кездесу өтті.
Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі білім алушыларына арналған тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандарының біріктірілген қорғаныс істері басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі топ бастығы, майор Темирбаев Ердаулет Агментаевич қатысып, жастармен мазмұнды сұхбат жүргізді.
Кездесу барысында майор әскерге шақыртудың маңыздылығы, әскери қызметтің мәні мен мағынасы туралы кеңінен түсіндірді. Ол Отан алдындағы борышты өтеу – әрбір азаматтың қасиетті міндеті екенін атап өтіп, әскери қызметтің тәртіптілікке, жауапкершілікке және патриоттық рухқа тәрбиелейтінін жеткізді.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың азаматтық позициясын нығайтуға үлкен әсер етеді.



