«Менің шекарам – менің құқығым»

2026 жылдың 18 ақпан күні М. Әуезов оқу колледжі білім алушыларына «Менің шекарам – менің құқығым» тақырыбында пікірталас өткізілді. Іс-шара кино және ашық талқылау форматында ұйымдастырылды. Пікірталастың мақсаты – білім алушыларға жеке шекара ұғымын терең түсіндіру, зорлық-зомбылық, мәжбүрлеу және сталкинг мәселелері туралы ақпарат беру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Іс-шара барысында білім алушыларға қысқаметражды фильмдер көрсетілді. Фильмдерде күнделікті өмірде кездесуі мүмкін психологиялық қысым, қорқыту, қудалау және мәжбүрлеу жағдайлары бейнеленді. Көрсетілімнен кейін қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, кейіпкерлердің әрекеттерін талқылады. Талқылау барысында келесі мәселелер қозғалды: • Жеке шекара деген не және оны қалай қорғауға болады; • Зорлық-зомбылықтың түрлері (психологиялық, физикалық, онлайн қысым); • Мәжбүрлеудің белгілері және оған «жоқ» деп айту құқығы; • Сталкингтің қауіптілігі және одан қорғану жолдары; • Қандай жағдайда көмекке жүгіну қажет. Білім алушылар зорлық-зомбылық тек физикалық әрекетпен шектелмейтінін, сөз арқылы қорлау, қысым көрсету, қорқыту да құқық бұзушылыққа жататынын атап өтті. Сонымен қатар әр адамның «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екені және келісімсіз жасалған кез келген әрекет дұрыс емес екені түсіндірілді. Пікірталас барысында қатысушылар белсенділік танытып, өз көзқарастарын еркін жеткізді. Ашық диалог олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және өз құқықтарын қорғау маңызын түсінуге ықпал етті. Іс-шара соңында білім алушылар «Менің шекарам – менің құқығым» қағидасының маңызын атап өтіп, өз қауіпсіздігі мен өзгенің жеке кеңістігін құрметтеу әрбір адамның міндеті екенін қорытындылады. Өткізілген пікірталас білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қауіпсіз, құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталды. 

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.