Шымкентте Жұмысшы мамандықтар жылының жабылу салтанаты өтті.

Шымкентте Жұмысшы мамандықтар жылының жабылу салтанаты өтті.

Қызғалдақ сарайында ұйымдастырылған салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Серсен Құранбек, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Шымкент қалалық филиалының директоры Сабира Адамбекова және «Шымкент қаласы кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қатысты.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен оқытушылары және студенттер де шараға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Қала әкімінің орынбасары Серсен Абайұлы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылғанын айтып , бұл бастамалардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Шара аясында өндірістік оқыту шеберлері, педагогтер мен белсенді студенттер марапатталды. Сондай-ақ кәсіпкерлер палатасы тарапынан «Кәсіби маман» жобасының жеңімпаздары, дуальды оқытуды іске асыратын үздік кәсіпорындар мен колледждер марапатталды.

Салтанатты жиын концерттік бағдарлама арқылы жалғасып, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Image
Image
Image

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.