Жаңалықтар
«Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың!» оқу челленджі

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚЗУ колледжінің білім алушылары Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы, өткен мен бүгінді жалғаған ұлы аманат. Осы асыл ұғымның мәнін терең ұғындыру, жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын нығайту мақсатында «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың!» атты оқу челленджі ұйымдастырылды.
Челлендж барысында қатысушылар тәуелсіздік тақырыбындағы кітаптарды оқып, тарихи деректермен танысып, ел егемендігінің жолындағы күрес пен жетістіктерге терең бойлады. Оқу арқылы әрбір қатысушы өз ой-пікірін қалыптастырып, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін сезінді.
Аталған челлендж жас ұрпақты білімге, ел тарихын құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды бағалауға үндейді. Тәуелсіз елдің болашағы – білімді де саналы ұрпақтың қолында екені тағы бір мәрте айқындалды. #шымбіртұтас
#shymbirtutas