Жаңалықтар
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 21.12.2025 ж. «Энергетиктер күні» кәсіби мерекесіне орай М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының білім алушылары үшін танымдық әрі тәжірибелік мәні бар экскурсия ұйымдастырылды.

Студенттер 110/35/10 кВ «Батыс» қосалқы станциясына барып, өз мамандықтарына қатысты өндірістік процестермен жақынырақ танысып, кәсіби қабілеттерін арттыруға мүмкіндік алды. Олар энергия жүйесінің жұмыс принциптері, қосалқы станцияның құрылымы, электр жабдықтарының қызметі жайлы ақпарат алды.
Мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруына, кәсіби бағытта дамуына, өз кәсібіне деген қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз белгілі.