Шымкент ҚПД ҰҚҚКБ ның аға жедел уәкілі полиция майоры А.Сулейменов студенттерге қазіргі қоғамда жастардың денсаулығы мен болашағына ең үлкен қауіптердің бірі – синтетикалық есірткілер

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің білім алушыларына Шымкент ҚПД ҰҚҚКБ ның аға жедел уәкілі полиция майоры А.Сулейменов студенттерге қазіргі қоғамда жастардың денсаулығы мен болашағына ең үлкен қауіптердің бірі – синтетикалық есірткілер. Олар ағзаны тез уландырып, тәуелділік тудырады, психикалық тұрақсыздыққа әкелетіні жөнінді түсіндіру жұмысын жүргізді. Мұндай зиянды заттардың салдары тек жеке адамға ғана емес, оның отбасына, айналасына және тұтас қоғамға ауыр зардабын тигізетінін атап өтті.
Зардабы:
Синтетикалық есірткіні қолданудың негізгі қауіптері:
• Жүйке жүйесінің бұзылуы, психикалық ауруларға әкелуі.
• Қоғамдық тәртіпті бұзатын қылмыстық әрекеттердің көбеюі.
• Болашағы бар жастардың өмірін қысқартуы.

Алдын алу шаралары:
1. Жастар арасында дұрыс өмір салтын насихаттау.
2. Есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын мектептерде, колледждерде және ЖОО-ларда жүйелі түрде жүргізу.
3. Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, есірткі тарату арналарын жою.
4. Әрбір азаматтың қырағылығын арттыру, күдікті жағдайларды дер кезінде хабарлау.

Есірткіге жол жоқ! Әрқайсымыз қоғамға, болашаққа жауаптымыз. Жастарымыздың саналы, дені сау, білімді болып өсуі – баршамыздың ортақ міндетіміз.

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.