Жаңалықтар
Екінші дүниежүзілік соғыс батырлары: Тарих және ұрпақтар сабақтастығы
Елордада «Екінші дүниежүзілік соғыс батырларының ұлт тарихына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан Парламентінің депутаттары, сондай-ақ ТМД елдерінің жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысты. Сенат депутаты Галиаскар Сарыбаев, Алишер Сатвалдиев және Мәжіліс депутаты Болат Керімбек ҰОС батырларының ерлігі мен оларды қастерлеу бойынша елімізде атқарылып жатқан жұмыстар тұралы баяндама жасады.
Іс-шараның мақсаты — Ұлы Жеңістің тарихи маңыздылығын дәріптеу, соғыс батырларының ерлігін ұрпақ жадында сақтау және ғылыми тұрғыда зерттеу. Осы мақсатта М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі директоры, тғд Сейдехан Әлібек , ғалым, полковник А.И.Исмаиловтың ғибратқа толы ғұмыры тұралы баяндама жасады.
Конференция барысында қатысушылар қазақ халқының ерлікке толы тарихын талқылап, Жеңіске жетуге үлес қосқан аға буынның мұрасын ғылыми тұрғыда зерделеудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, тарихи шындықтың ұрпақтарды біріктіретін адамгершілік негіз ретіндегі рөлі ерекше аталып өтті.